Жаумен арпалысқан жылдар
Жаумен арпалысқан жылдар
©Сурет интернеттен алынды
126
оқылды
Соғыс жылдарында Тепекті Сақбаев 370-атқыштар дивизия 1232-атқыштар полкінің барлаушы болған. 18 жастағы Алматы облысының жігіті әскерге 1943 жылы шақырылады. Берілген әскери тапсырма бойынша Тепекті Сақбаев бірнеше барлаушымен бірге, түнгі сағат 23.00-де жаудың халін білуге шығады. Толассыз жан-жақтан атылып жатқан оққа қарамай олар Висла өзенін малтып өтеді. Бірден немістің траншеясын атойлап басып кіреді. Кескестеген ұрыста жау оларға жеті рет шабуылдайды.  Олармен 13 сағат бойы беріспей арпалысқан Тепекті Сақбаев жауды күл-талқан етеді. Тоқтаусыз атылған оқтың кесірінен автомат бірнеше рет қызып, істемей қалып отырды. Сол кездерде Тепекті Сақбаев автоматты ысыра салып, зеңбіректерді лақтырып жаумен күресуін тоқтатқан емес. Нәтижесінде, әскеріміздің 1 және 2 атқыштар ротасы өзеннен кесіп өтуіне мүмкіндік берді.