Көркем әдебиет оқуға шақырды
Көркем әдебиет оқуға шақырды

Алматы облысы Ескелді ауданы Текелі қаласында коммунистер ұсынған кандидат Жамбыл Ахметбековтің Алматы облыстық сайлауалды штабының жетекшісі С.Биғарова №5 мектеп-лицейінің педагогикалық ұжымымен кездесті.

Басқосуда штаб жетекшісі ұстаздар қауымына Қазақстан Коммунистік Халық партиясының қызметі мен сайлауалды тұғырнаманы таныстырды. Оның пікірінше, көркем әдебиет, ұлттық және әлемдік классиканың үздік шығармаларын оқытуды насихаттауға ерекше назар аудару қажет. Әдебиет заманауи және болашақ ұрпақтың рухани азығы болуы тиіс.

С.Биғарова ұрпақ тәрбиесі үшін ұстаздар қауымына алғыс білдіріп, олардың барлығын 9 маусымға тағайындалған кезектен тыс президент сайлауына қатысуға шақырды.

ҚКХП Павлодар облыстық комитеті үгіттеушілермен бірге Ертіс өзенінде теп­лоходта кеңестік музыкамен және үміт­кер Ж.Ахметбековке дауыс беру үндеуімен серуен өткізді. Теплоход үгіт плакаттарымен безендірілді. Ал партия белсенділері сайлау­шыларға үгіт материалдарын таратты.

Серуен барысында Павлодар облыстық комитетінің бірінші хатшысы Г.Нұғманова қатысушыларға Ж.Ахметбековтің сай­лауал­ды тұғырнамасының тезистерін таныс­тырды.

Атырау облыстық сайлауалды штабы Ж.Ахметбеков кандидатурасын қолдау мақсатында облыстық комитет белсен­ділерінің қатысуымен мотожарыс ұйым­дастырды.


Айдана БЕГІМ