Көкшетауда зейнеткерлерді жауыздықпен өлтірген күдікті ұсталды
Көкшетауда зейнеткерлерді жауыздықпен өлтірген күдікті ұсталды
© сурет интернеттен алынды
5,121
оқылды
Көкшетау қаласында зейнеткерлерді жауыздықпен өлтірген күдікті ұсталды, -  деп хабарлайды Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі. Полицияның мәліметіне сәйкес, күдікті 3 мамырда Көкшетау қаласында ұсталған.
"Тергеу барысында 24 жастағы Щучинск қаласының тумасы 29 сәуір күні түнде Есенберлин көшесіндегі үйдің бірінші қабатындағы пәтерге ұрлыққа түскен. Алайда үй иелері қылмыстың үстінен түсіпті. Қылмыстың ізін жасыру мақсатында күдікті ерлі-зайыптыны өлтіріп, жеке мүлкін ұрлап кеткен", - делінген хабарламада.
Тәртіп сақшылары күдіктіні ұстау барысында одан заттай дәлелдер табылғанын атап өтті. Қазіргі таңда ол уақытша тергеу изоляторына қамалды.
"ҚР қылмыстық кодексінің  99 бабы 2 тармағы ("Екі және одан көп адамды өлтіру") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Басқа ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жария етілмейді", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, осыған дейін Көкшетаудағы пәтерден 78 және 84 жастағы ерлі-зайыптының өлі денесі табылған. Олар жауыздықпен өлтірілген.