4 мамыр сағ.18.00-дегі жағдайға сәйкес Birgemiz қорының шоттарына 24 376 176 662 теңге жинақталды. Қор есебіне қаражат заңды тұлғалар «Miras Building» ЖШС (12 500 000 теңге), «KAT Construction» ЖШС-ден (28 000 000 теңге) келіп түсті. Сонымен бірге 323 317 теңге көлеміндегі ерікті материалдық көмек К.Т.Тұтамбаевтан., Е.С.Нагишевтан, Б.М.Шаяхметовтан, Д.С.Мүсілімовтан және Л.А.Джумабаевадан келді. Қор шығыстары бүгінгі күні 18 759 750 000 теңгені құрады: - 531 000 000 теңге көлеміндегі қаражат Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның ұсынысымен СК «Фармация» үкіметтік операторына 5 млн дана маска (данасы 106,9 теңге) сатып алу үшін жіберілді (03.04.2020 ж.) - 7 623 150 000 теңге барлық облыстар, елорда мен республикалық маңызы бар қалалардағы Birgemiz қорының шоттарына халықтың әлеуметтік әлсіз санатына кіретін мұқтаж жандарға (152 мыңнан астам) 50 мың теңгеден қаржылық қолдау көрсетудің бірінші толқыны аясында жіберілді (03.04.2020 ж.). - 105 600 000 теңге Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында коронавируспен күреске жұмылдырылған медициналық қызметкерлерге төлем үшін медициналық мекемелердің шоттарына жіберілді (07.04.2020). - 10 500 000 000 теңге барлық облыстар, елорда мен республикалық маңызы бар қалалардағы Birgemiz қорының шоттарына халықтың әлеуметтік әлсіз санатына кіретін мұқтаж жандарға (210 мың адам) 50 мың теңгеден қаржылық қолдау көрсетудің екінші толқыны аясында жіберілді (24.04.2020 ж.).