Елін қорғаған батыр
Елін қорғаған батыр
©Сурет интернеттен алынды
279
оқылды
Омарғазы Трусов бұрынғы Семей облысы Көкпекті ауданының тумасы. 1919 жылы дүниеге келген ол әскерге 23 жасында шақырылды. Қазақтың батыр ұлы өз ерлігін Радомышль ауданына қарасты Ленино ауылындағы шайқаста көрсетті. 1943 жылдың 21 қарашасында жаудың шабуылына қарамай, неміс танкісімен жекпе-жекке шықты. Оны өзіне 250-300 метрге жақындата түсіріп, өзінің қырағылығымен жолдан тайдырды. Сол жерде ол бірден жаумен ашық айқасқа түседі. Өзінің автоматымен немістің 20 жауынгерін жерге жастандырады. Омарғазы Трусов автоматшыларды бір жақты қылған соң, жауға қайта бет алады. Ол кезде автоматшы немістің тағы 1 минометі мен 7-і сарбаздың көзін жояды.