Қазақстанның үш облысында ескерту жарияланды
Қазақстанның үш облысында ескерту жарияланды
© сурет интернеттен алынды
5,086
оқылды
Қазақстанның үш облысында ескерту жарияланды, - деп хабарлады «Қазгидромет» РМК. 6 мамыр түнде Қарағанды облысының кей жерінде 1-6 градусқа дейін күн суытады. 5 мамыр күндіз Атырау облысында найзағай ойнайды. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғып, күндіз жылдамдығы 15-20 м/с болады. Атырау қаласында 5 мамыр күндіз шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғып, күндіз жылдамдығы 15-20 м/с-ке жетеді. Батыс Қазақстан облысында 5 мамыр түнде кей жерлерде, күндіз басым бөлігінде оңтүстік-шығыстан 15-20 м/с жел соғады. Күндіз кей жерлерде найзағай ойнайды. Оралда 5 мамырда оңтүстік-шығыс желі есіп, екпіні 18 м/с болуы ықтимал. Ескертудің ықтималдығы 75-95 %.