Елордада шаштараз, дүкен, ломбардтың жұмысы қайта жанданды
Елордада шаштараз, дүкен, ломбардтың жұмысы қайта жанданды
© сурет интернеттен алынды
209
оқылды
4 мамырдан бастап еліміздің барлық өңірінде бірқатар кәсіпкерлік нысандардың жұмысы қайта жандана бастады. Нұр-Сұлтанда карантинге байланысты жабылған шағын бизнес қайта ашылып жатыр. Бүгіннен бастап медицина орталықтары, стоматологиялық клиникалар, шаштараздар, гүл сататын дүкендер, нотариустар, ломбардтар мен айырбастау пункті секілді кәсіпкерлік субъектілер өз жұмысын бастады. Нұр-Сұлтан қаласы әкімідігінің ресми сайтында көрсетілгендей, 4 мамыр сағат 00:00-ден бастап санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды күшейте және қызметкерлердің орталықтандырылған тасып таратылуын ұйымдастыра отырып төмендегідей қызмет түрлері жұмыс істейді:
  • сағат 17:00-ге дейін жұмыс кестесімен жалпы алаңы 500 м² дейін азық-түліктік емес дүкендер (барлық бағыттар);
  • шаштараздар, тігін ательелері, аяқ киім шеберханалары (алдын ала жазылу бойынша, залда 3 клиенттен көп емес болуы, үй-жайларды күнделікті өңдеу);
  • жеке сот орындаушылары (алдын ала жазылу бойынша);
  • адвокаттар (алдын ала жазылу бойынша);
  • медициналық орталықтар (алдын ала жазылу бойынша);
  • стоматологиялық клиникалар (алдын ала жазылу бойынша);
  • жарнама агенттіктері (алдын ала жазылу бойынша);
  • ақпараттық-коммуникациялық технологиялар компаниялары және төлем терминалдарына қызмет көрсету;
  • фотосалондар және гүл дүкендері;
  • клинингтік қызметтер;
  • көшедегі спорт сабақтары мен жаттығулар;
  • ұялы телефондарды жөндеу және аксессуарларды сату, кілттерді, сағаттарды, құлыптарды және т. б. жөндеу және дайындау.
Штаб шешімі бойынша, тек қана кәсіпкерлік субъектілеріне қызмет көрсету үшін Мәңгілік Ел даңғылы, № 30 («Есіл» ауданының №1 бөлімі) мекенжайы және тек қана автосалондар үшін қызметтер көрсету үшін 20-40 к-сі, № 2 (мамандандырылған бөлім) мекенжайы бойынша орналасқан «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысы қайта басталады.