2 ай бойы 15 мың теңгеден аударады
2 ай бойы 15 мың теңгеден аударады
112
оқылды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдай мен карантин уақытында тұрғындардың коммуналдық қызметке төлейтін ақысының мөлшерін азайту бойынша жүйелі шараларды әзірлеуді тапсырған болатын. Оны орындау аясында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі коммуналдық қызметті жеткізушілермен келісімшарты бар тұтынушылар үшін коммуналдық қызметті төлеуді қарастыратын тетік әзірледі. Нақтырақ айтқанда, каран­тин енгізілген өңірлерде әкім­дік­тер тұтынушылардың дербес шот­­­­тарына 2 ай бойы 15 мың тең­­геден аударып отырады. Мем­­­­лекеттік органдардың ұсы­ны­сы негізінде төлем алушы­лар­дың келесі санаттары айқын­дал­ған. Олар: 1, 2, 3-топ мүгедек­те­рі;  мүгедек балаларды тәр­бие­­леп отырған отбасылар; көп­балалы отбасылар; ҰОС мүге­дектері мен қатысушылары, ҰОС мү­ге­дек­тері мен қатысу­шы­ла­рына теңес­тіріл­ген тұлғалар; мем­ле­кет­тік не­месе қоғамдық мін­дет­терін, әс­кери қызметін орын­дау бары­сында, ғарыш кеңіс­тігіне ұшуға дайындық ба­ры­сында немесе ұшу кезінде, адам өмірін құтқару және құқық тәр­тібін сақ­тау кезінде қаза тап­қан тұл­ға­лар­дың от­басылары; төмен және одан аз зейнетақы ала­тын зей­нет­керлер; атаулы әлеу­мет­тік кө­мек алатын аза­мат­тар, оның ішін­­де жалғызбасты зей­нет­­кер­лер.
«Төлемді алу үшін тұтынушы ақпараттық жүйелер немесе Call-ор­талық арқылы жеке сәй­кес­тен­діру нөмірін, әлеуметтік дәре­же­сін және дербес шот деректерін көр­сете отырып, әкімдікке өті­нім беруі керек. Әкімдік ұсы­ныл­ған деректерді тексеріп, мәлі­мет­тер рас болған жағдайда ком­му­нал­дық қызметтер тұтынушы­сы­ның дербес (абоненттік) шотына қар­жы аударады» делінген Ин­дуст­рия және инфрақұры­лым­дық даму министрлігі тарат­қан ха­барламада.
Енді мемлекет жағдайы жұ­таң жандардың коммуналдық қы­з­метке кеткен шығынын өтей­ді. Шамамен 1 млн 600 мың адам­­ға көмек беру көзделген. Осы­лайша, карантин енгізілген өңір­лерде әкімдіктер тұтыну­шы­лардың дербес шоттарына 2 ай бойы ай сайын 15 мың теңгеден жіберіп отырады. Яғни, көмекке мұқтаж әр адамның есепшотына 30 мың теңгеден түседі. Қазіргі кезде коммуналдық қыз­метке берілетін 15 мың тең­гені өтеу үшін карантин жария­лан­ған өңірлерде өтінімді қабыл­дау жұмыстары жүргізілуде.  

Әбілмансұр ЖАСАН