Қорғаныстың құны қанша?
Қорғаныстың құны қанша?
265
оқылды
Қазақстанның Қарулы Күштері 1992 жылы 7 мамырда құрылды. Содан бері 28 жыл артта қалды. Сол жылы дүниеге келген жігіт әскери борышын өтеуге аттанатын жасқа жетті. Ал Қазақстан Қарулы Күштері ел мақтанатын деңгейге жетті ме? Шыны керек, кез келген адам өз мемлекетінің қуатты, айбарлы болғанын қалайды. Ол үшін әскери саланың әлеуеті жоғары болуы керек. Сөзің өтімді елге айналу үшін де қорғаныс саласына қомақты қаржы құюға тура келеді. Ал біз қорғанысымызды қаншаға бағалап жүрміз? Мұның жауабын білу үшін Республикалық бюджеттен қор­ғаныс саласына бөлінетін қар­жыға назар аударамыз. Олай болса, биыл Қазақстан қорғаныс саласына ел қазынасынан 590 млрд 634 млн теңге бөлінген. Оның барлығы Қорғаныс ми­нистрлігіне беріледі десек, қате­лесесіз. Аталған министрлік бұл қаржының 312 млрд теңгеден астамын ғана алады. Ал 84 млрд теңге Ішкі істер министрлігіне беріледі. ІІМ бұл қаржыны та­биғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою саласындағы қыз­метті ұйымдастыруға жұмсайды. Қорғаныс саласына бөлінген қар­жыдан Индустрия және ин­фрақұрылымдық даму министр­лігі 193 млрд теңгеден астам қар­жы алады. Бұл қаржы Мемле­кеттік қорғаныстық тапсырысты орындауға жұмсалады. Ал Қорғаныс министрлігінің өзіне бөлінген 312 млрд теңгенің 310 млрд теңгесін Қарулы Күш­тердің жауынгерлік, жұмылдыру дайындығын қамтамасыз етуге жұмсалады. Қалған 2 млрд 451 млн теңге қорғанысты және қа­ру­лы күштерді ұйымдастыру са­ласындағы мемлекеттік сая­сатты айқындау мен іске асыру жөніндегі қызметтерге бағыт­та­лады. Таратып айтсақ, министр­лік қызметкерлерінің жалақы­сына, министрлік жұмысын ұйымдастыру үшін жұмсалатын шығындардың орнын жабуға жұмсалады.    width= Жыл сайын қорғаныс сала­сына бөлінетін қаржы көлемі аз да болса, көбейіп келеді. Мыса­лы, 2015 жылы қорғаныс сала­сына 422 млрд теңге бөлінген екен. Қорғаныс министрлігі осы қаржыдан 375 млрд теңге алып, Қарулы Күштердің автомат­тандырылған басқару жүйесін құруға, әскери нысандар салуға, күрделі шығыстарға, Қарулы Күштеріміздің жауынгерлік қабілетін арттыруға жұмсапты. Ішкі істер министрлігіне 46 млрд теңге берілген. Ол қаржы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жоюға, төтенше жағдайлардан қорғау нысан­дарын салу және реконструк­циялауға, өрт қауіпсіздігі сала­сындағы стандарттарды әзір­леуге, төтенше жағдайлар жө­ніндегі мекемелердің және ор­ган­дардың күрделі шығыс­та­рына, төтенше жағдайлар сала­сындағы қолданбалы ғылыми зерттеулерге, төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс кор­поративтік ақпараттық-комму­никациялық жүйесін құруға, облыстық бюджеттерге, Нұр-Сұлтан және Алматы қалала­рының бюджетіне халықты, объектілер мен аумақтарды та­биғи дүлей зілзалалардан инже­нерлік қорғау жөніндегі жұмыс­тарды жүргізуге берілетін ныса­налы даму трансферттеріне жұмсалған. Мұның барлығы ашық дереккөздерде жазылған. Салыстырсақ, бұл ауыз толтырып айтарлық қомақты қаржы емес. Қазақстанды әскери сала үшін ақша аямайтын алып елдермен салыстыру да орынсыз. Десе де, соңғы жылдары Қарулы Күштер­ге қаржы құюдан әлемде жарыс басталғандай. Мысалы, Сток­гольм Бейбітшілік зерттеу инс­титуты (SIPRI) әскери салаға ең көп қаржы жұмсайтын елдердің рейтингін жасады. Әлем елде­рінің 2019 жылғы шығындарын есептеу арқылы жасалған рей­тингте АҚШ, Қытай, Үндістан, Ресей және Сауд Арабиясы көш бастап тұр. Алғашқы бестіктің өз арасында да бәсеке қызу жүріп жатқандай. Себебі 2018 жылы әс­кери салаға қомақты қаржы құй­ған елдер арасында төртінші орында тұрған Үндістан былтыр үшінші орынға көтерілген. Бе­сінші орындағы Ресей де бір са­ты жоғарылады. Осылайша, 2018 жы­лы үшінші орында нық отырған Сауд Арабиясы бесінші орынды місе тұтуына тура келді. Ал олар әскери салаға қанша ақ­ша құя­ды? Әзірге АҚШ пен Қы­тайға жеткен ел жоқ. АҚШ 2018 жылы 649 млрд, ал былтыр 732 млрд доллар жұмсаған. Қы­тай 2018 жы­лы 250 млрд доллар шы­ғын­даса, былтыр 261 млрд доллар бөлген. Үндістан былтыр 71,1 млрд, Ресей 65 млрд, Сауд Ара­бия­сы 61,9 млрд доллар жұм­са­ған. Үш ел де бұл салаға бө­лінетін қаржыны 2018 жылға қарағанда айтарлықтай көбейт­кен. SIPRI рейтингінде әскери салаға қо­мақты қаржы құйған 40 ел ғана аталады. Қазақстан ол тізімде жоқ, әрине. Ал 2015 жы­лы жүр­гі­зілген зерттеу 63-орында тұрған еді.    width= Әлем елдерінің әскери әле­уетін сараптайтын Global Fire Power рейтингінде былтыр 54-орында тұрған Қазақстан биыл 63-орынға төмендеген. Аталған рейтингте де әдеттегідей АҚШ әскери державалар көшін бастаған. Бұл рейтинг әлемдегі 138 елдің әскери әлеуетін са­раптайды. Ол үшін әскери салаға бөлінетін қаржыдан бөлек, қарулы күштердің материалдық-техникалық, жағрафиялық жағ­дайы, елдің өндірістік, логис­тикалық мүмкіндігі де ескеріледі. Global FirePower зерттеуіне сү­йенсек, Қазақстанның қорғаныс бюджеті 4 млрд долларды құрай­ды. Ал әскер сапында 132 мың адам бар дейді. Ал Әуе әскери күштері мен Әуе теңіз күштері, Әскери теңіз күштерінде 222 ұшу аппараты бар, оның 76-ы жоя­тын, 39-ы шабуылдаушы, 18-і әскери-көлік, 18-і оқу-жаттығу ұшағы, сондай-ақ 71 әскери, 18 соқ­қы беретін тікұшақ бар. 15 әс­кери жауынгерлік кемені пай­даланатыны айтылған. Рей­тинг­те елдің сыртқы қарызы, алтын-валюта резерві, сатып алу қабі­леті де рейтингте маңызды рөл атқарады. Мысалы, Қазақ­стан­дағы мұнай саласы тәулігіне 1,7 мың баррель мұнай өндіреді. Орталық Азия елдері ара­сын­да біздің елдің қорғаныс күші екінші орында тұр. Бірінші орын­дағы Өзбекстан бұл рей­тингте 52-орынға жайғасқан. Бізден кейін Түркіменстан 77-орын, Тәжікстан 94-орын, Қыр­ғыз Республикасы 98-орынды қанағат еткен. Қай ел болмасын, көрпесіне қарай көсілетінін ескерсек, рей­тингтің ортасынан орын алу – байбалам салар көрсеткіш емес. Бірақ бюджет қаржысын тиімді жұмсау арқылы рейтингті әлі де жақсартуға болады. Ол үшін қор­ғаныс саласына бөлінген қар­жының мақсатты жұмсалуына назар аудару керек. Себебі жыл басында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі елі­міздегі ең жемқор министр­лік­терді атады. Қорғаныс министр­лігі жемқор министрліктердің үштігіне енген. Өйткені былтыр бұл салада 28 лауазымды тұлға жауапқа тартылған-ды. Олардың басым бөлігі басшы лауазы­мын­дағы адамдар болған...  

Айдана БЕГІМ