Қытайдың коронавирусты жасырғанын дәлелдей аламыз – Помпео
Қытайдың коронавирусты жасырғанын дәлелдей аламыз – Помпео
Фото: Интернеттен алынды
Бірнеше елдің арнайы қызметтері ҚХР үкіметі Covid-19 туралы деректерді жасырды және жойып жіберді деген күдік келтіріп отыр. АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Майк Помпеоның айтуынша, ҚХР-дың коммунисттік партиясы бастапқыда індетті жасырған, – деп жазады baq.kz.
«Әлемнің індет туралы дер кезінде білуін болдырмауға Бейжің тырысып-бақты. Бізде бұны дәлелдейтін құжаттар бар. Кейбірі ашық түрде жарияланған», – деді Майк Помпео.
Дереккөздің жазуынша, бұған дейін Ақ үй басшысы Дональд Трамп та Қытайды бірнеше рет айыптаған болатын. Оның пікірінше, Бейжіңнің жаңа коронавирус инфекциясының таралуын тежеуге күші жетсе де, тыйым салмаған көрінеді. Ресми мәлімет бойынша, Аустралия, Жаңа Зеландия, АҚШ, Канада және Британия елдерінің арнайы қызметтері ҚХР үкіметі Covid-19 туралы деректерді жасырды және жойып жіберді деп күдіктеніп отыр.