Мақтааралды жайлаған қызыл су
Мақтааралды жайлаған қызыл су
189
оқылды
Елімізде коронавирус пандемиясына қарсы күрес жүріп жат­қанда тосын апат болып, Өзбекстандағы Сардоба су қой­масының іргесі сө­гіліп, Түркістан облысы Мақтаарал ауданында бірнеше ауылды су бас­ты. Ау­данда төтенше жағдай жарияланып, Үкі­мет және жергілікті дең­гей­дегі барлық билік өкілдері шұғыл жұ­мысқа кірісіп кетті. Осындай қиын кезеңде ел азаматтары да қа­рап қал­май, көмек қолын созып, жұ­мыла кірісуде. Тиісті шешімдерді дер кезінде қабылдаудың ар­қасында 32 мыңға жуық адам қауіпсіз жер­ге кө­шіріл­ді. Бүгінде жер­гілікті әкімдік құрған шұғыл комиссия шы­ғындардың орнын қа­­лып­қа келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Елді мекендерді су басу сал­да­­рын жою жұмыстары одан әрі жалғасуда. Осыған дейін хабарлағанымыздай, апатты жағдай орын алған сәтте-ақ об­лыс әкімі Өмірзақ Шөкеев бастаған жер­гілік­ті билік өкілдері  Мақтааралға жедел жетіп, іске жұмыла кірісіп кетті. Төтенше жағдай бойынша қажетті шаралар дер ке­зінде қолға алынып, басты мақсат – адам шығынын болдырмау әрекетіне көш­кен болатын. Күн-түн демей,  тұр­ғындарды қауіп­ті аймақтан көшіріп әкету амалдары қол­ға алынды. Соның арқа­сында адам шы­ғыны болмады. Айта кету керек, ауданның 4 елді ме­кені: Жаңатұрмыс (46 үй), Жеңіс (130 үй), Фирдоуси (250 үй) және Өргебас (194 үй) су астында қалған. Топан судан 620 үй жапа шеккен. Бүгінде облыс әкімі өзі бас болып, орын­басарлары, басқарма басшылары, бөлім мамандары, полиция мен төтенше жағдай, медицина  қызметкерлері, БАҚ өкілдерінен құралған қызметкерлер Мақ­таарал ауданында күндіз-түні тынбай жұмыс істеуде. Атап айтқанда, апаттан құт­қару жұмыстарына жалпы саны 986 адам, 4 қайық, 180 дана техника тар­тыл­ған. Өмірзақ Естайұлы барлық құры­лым­ға тиісті тапсырмаларын бере отырып, елді де ауызбіршілікке шақырды. Түркістан облысы өңірлік ком­му­никация қызметінің мәліметіне сүйенсек, Мақтаарал ауданының су басқан елді мекендерінен 2 мамырдан бастап 31606 адам эвакуацияланды. Жал­пы, Жаңатұрмыс (46 үй), Же­ңіс (130 үй), Фирдоуси (250 үй), Өр­ге­бас (194 үй), Достық  (11 үй) елді ­ме­кен­дерінен жалпы саны  631 үй су астын­да қалды. Атакент елді мекенінде 24 эва­куа­­циялық бөлім құрылып, жұмыс жүргізуде. Полиция тарапынан Жаңа­тұрмыс, Фирдоуси, Өрге­бас, Нұрлыжол, Иіржар елді мекен­де­рін­де бір, Т.Жайлыбаев ауылында екі блок-бекет құрылып, оның жалпы саны 7-ге жетті.    width= Айта кетерлігі, қазіргі таңда аудандағы Фирдоуси ауылын толық­тай су басқан. Мырзакент ауылын да толықтай су басып қалмас үшін бөгет салынуда. 3115 ірі қара мал, 1101 ұсақ мал, 585 жылқы, 34 түйе Ке­лес ауданы, Қызыләскер ауылына жет­кізілді. Бұдан бөлек, 1797 ірі қара мал, 6029 ұсақ мал, 689 жылқы, 381 түйе, 165 шошқа Мақтарал ауда­нын­­­дағы су басу қаупі жоқ жерге жет­­кізілді. Суға кеткен малдың саны әзірге бел­гісіз. Бұл жұмыстарға тасқын су­дың әлі де тоқтамай тұрғаны қол­бай­лау болуда. Өлген мал басын санау алдағы уақытта жүргізілетін болады.  

Өзбектер не дейді?

 Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев пен «Қазсушар» мекемесінің жауапты мамандары Мақтаарал ауданындағы су тасқыны мәселесін реттеу бойынша Өзбекстан Республикасының Сырдария об­лы­сына аттанды. Бұл туралы об­лыс әкі­мінің орынбасары Сәкен Қалқа­ма­нов кезекті брифингте мәлімдеді. Қалқамановтың айтуынша, тас­қын суды тоқтату бойынша Қазақ­стан­нан барған топ тиісті министрлік өкілдерімен кездесіп, келіссөздер жүргізеді. Суды жіберу жұмыстарын бір жүйеге келтірмек. Атап айтқанда, олар Өзбекстанның су министрі Хам­раевпен және Сырдария облы­сы­­ның басшылығымен кездеседі. Жалпы, бұл жағдай екі елдің үкі­меті тарапынан талқыланып, шешілмек. Соңғы мәлімет бойынша, бүгінгі күнге дейін ауданға 300 млн текше метрге жуық су келген. «Мұндай көлемдегі су бұрын бол­ма­ған. Аудандағы қауіп әлі сейілген жоқ. Өйткені Өзбекстан тарапынан әлі қанша су келетіні белгісіз. Себебі Өзбекстанмен су туралы мәлімет алмасу бір жүйеге келтірілмеген. Кездесу нәтижесін алдағы уақытта хабар­лайтын боламыз», – деді Сәкен Қалқаманов.  

Халыққа көмек көрсетіле бастады

Өмірзақ Шөкеев төтенше жағ­дай жөніндегі кезекті штаб оты­ры­сын өткізіп, халыққа жан-жақ­ты көмек беріп, тұрғындарға үл­кен қол­дау көрсету керегін атап, оның бес жолын айтты. Көмектің үл­кен ауқымда болатынын айтқан ол тиісті сала басшыларына ең алды­­мен эвакуациялық пункттерге ор­наласқан халыққа әлеуметтік кө­мек көрсету және өтемақы төлеу үшін олардың мал саны, жыл­жы­май­тын мүлік, жеке бас құжат­та­рының мәліметін жинақтауды тапсырды. Сондай-ақ апаттан зардап шеккен тұрғындарды азық-түлік, қажетті заттармен қамтамасыз етуге кәсіпкерлер мен қоғамдық қорларды тарту, тұрғын үйлерге келтірілген залалдың мөлшерін есептеу, кәсіп­кер­лік нысандарға келген залал мөлшерін анықтаужәне бесіншіден, зақым келген автомобиль жолдары мен тұрғын үй-коммуналдық инфра­құры­лым объектілеріне келтірілген зиянның мөлшерін есептеуді қолға алу қажет екеніне тоқталды.    width= «Ауыл шаруашылығы алқаптары мен үй жануарларына келтірілген зиян­ның мөлшерін есептеп, жетінші тапсырма ретінде қауіп төніп тұрған елді мекендерді тасқын судан қор­ғау мақ­сатында бөгет жасау жұмыс­та­рын жүргізу қажет», – деді облыс бас­шысы. Бір қуанарлығы сол қиын ке­зең­де республика аумағында бір-бі­ріне қолдау көрсетіп, көмек қо­лын созғандардың алғашқы легі Мақ­тааралға гуманитарлық кө­мек жеткізуді бастады. Атап айт­қан­да,Жамбыл облысы әкімдігінің ұйым­дастыруымен 30 тоннадан аса азық-түлік тиелген керуен киелі Та­раз қаласынан мақталы Мақтаарал ау­да­­нына жетті. Жомарт жандардан жылу жинап, кө­мекке асыққан жамбылдық кәсіп­кер­лер 10 тонна ұн, 10 тонна күріш, 5 тонна қант, 1 тонна қарақұмық, 2 тон­на сұйық май, 2 тонна макарон өнімдері мен 5 тонна гигиеналық зат­тар жөнелтіпті. Бүгінде бас-аяғы 10 миллион теңгеден астам де­­меушілердің есебінен жиналған кө­­мек топан судан зиян көргендерге үлестіріледі. Жамбыл облысы әкі­мінің орынбасары Нұржан Кален­де­ров сарқын судан жапа шеккен мақтааралдықтарға мұнымен көмек тоқтап қалмайтынын айтты. Еске сала кетейік, су тасқыны­ның салдарынан қиын жағдайға ұшы­раған азаматтарға қолдау білді­ре­­міз деушілер үшін «Түркістан» кор­по­­ративтік әлеуметтік даму қоры жұмыс істеп жатыр.  

5 елді мекенде қауіп сейілді

Мақтаарал ауданының 10 елді­ме­кені қауіпті аймақта орналасқан. Оның 5-уі, яғни Жаңатұрмыс, Же­ңіс, Фирдоуси, Өргебас, Достық ауыл­дары су астында қалса, қалған 5 елді мекенді облыс әкімдігі, об­лыс­ Төтенше жағдайлар де­пар­­та­менті, «Қазсушар» және ауыл тұр­ғын­дарынан құралған волон­тер­лардың көмегімен су басу қаупінен шы­ғарылды. Соның ішінде атап өте­тін стратегиялық маңызы зор 14 мың­нан астам халқы бар Мырзакент елді­ мекені қызыл су басудан аман қал­ды. Бұл туралы бүгін облыс әкімінің оры­нбасары Сәкен Қалқаманов мә­лімдеді. Оның айтуынша, бүгінде су басу қаупі бар ауылдар, яғни Нұрлы жол елді мекені аума­ғын­да, Фирдоуси ауылынан Мыр­закентке қарай, Өрге­бас, Ырысты, Жантақсай елді мекенінің маңынан бөгеттер тұр­ғызылған. Сондай-ақ көрші Жеті­сай ауданында Қоғалы ауылы­ның ав­томобиль жолының бойында ұзын­­дығы 500 метрден асатын бөгет салу арқылы нығайту жұмыстары жүргізілуде.  

Тельман БЕЙСЕН, Түркістан облысы