Мақтааралдықтарға өтемақы төлене ме?
Мақтааралдықтарға өтемақы төлене ме?
Фото: Интернеттен алынды
127
оқылды
Үкіметтің жиынында Өмірзақ Шөкеев мақтааралдықтарға өтемақы қалай берілетіні туралы айтты. Мақтаарал ауданында су басқан ауылдардың эвакуацияланған әр тұрғынына өтемақы белгілеу дұрыс деп есептеймін. «Су елді мекендерден кеткеннен кейін үйлерді аралап, былтырғы Арыстағы тәжірибеміз сияқты әр үйге келген зардапты, шығынды есептеп шығуымыз керек. Ары қарай комиссиямен бірігіп отырып, бүлінген үйлерді қайта қалпына келтіру жолдарын қарастырымыз керек деп олаймын»,– деді әкім. Өңір басшысы су басқан үйлерде қалған мүліктерге қандай зардап келгенін есептеу қиын болатындығын баса айтты. «Сондықтан су басқан ауылдың эвакуацияланған әр тұрғынына өтемақы белгілеу дұрыс болар деп есептеймін. Мұнан бөлек 7 мыңнан астам егістік алқабына біраз шығын келді. Егілген егістік, пленка астында жатқан әртүрлі егістік алқабы бар. Соның бәрін қайта есептеп, оны да өтеуге көмектесуіміз қажет. Жалпы, эвакуацияланған азаматтардың бәрімен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Былтырғы Арыстағыдай көп адамды жинап, үлкен жиын жасамаймыз. Жеке-жеке әр мектепке барып, түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Жалпы, халық түсіністікпен қарайды. Шыдамдылықпен, төзімділікпен бұл жағдайды өткізіп жатыр. Біз комиссияны күтіп отырмыз, солармен бірге бәрін аралап шығамыз», – деді ол.