Тасқын судан зардап шеккендерге депутаттар жалақысын аударды – Мәжіліс
Тасқын судан зардап шеккендерге депутаттар жалақысын аударды – Мәжіліс
Фото: Интернеттен алынды
167
оқылды
Мәжіліс депутаттары бір күндік жалақысын Түркістан облысында су басу салдарынан зардап шеккендерге аударды. «Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Мәжіліс Бюросы бір күндік еңбекақыны Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы елді мекендерді су басу салдарынан зардап шеккендерге көмек көрсету үшін «Түркістан» корпоративтік әлеуметтік даму қорына аудару туралы Қаулы қабылдады» делінген таратылған хабарламада. Қаржы аудан тұрғындарының тіршілігін, бүлінген үйлерді, инфрақұралымдарды қалпына келтіруге бағытталады. Бүгін Үкімет отырысында Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев 31 606 тұрғын 14 елді мекеннен эвакуацияланғанын, оның ішінде 6 127 тұрғыны бар 5 елді мекенді су толығымен басқанын айтты.