100 отбасыға көмек көрсетті
100 отбасыға көмек көрсетті
198
оқылды
Қызылорда облыстық мәслихатының депутаты Бақдәулет Ма­қашев Сырдария ауданындағы 100 отбасыға көмек көрсетті. Қайы­рымдылық шарасы Тереңөзек кентінің О.Мәлібаев ықшамауданында және Қалжан ахун ауылдық округінде өтті. Аталған көмек Nur Otan партиясы­ның #Bizbirgemiz акциясы аясында ұйым­дас­ты­рылды. Бұл жолғы көмек аз қамтамасыз етіл­ген отбасыларға, оның ішінде арда­гер­лер­ге, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға және көпбалалы аналарға берілді. Үлкен қорап пен пакетке салынған кәрзеңкеде күнделікті тұрмысқа қажетті азық-тү­ліктер бар. – Төтенше жағдай кезінде Қызылорда облысындағы әлеуметтік жағдайы төмен 800-ге жуық отбасы азық-түлікпен қамта­масыз етілді. Сондай-ақ Сырдария ауда­нындағы белгілі кәсіпкердің демеуші­лі­гімен Тереңөзек кентінің және Қалжан ахун ауылының 100 отбасына қолдау көр­­­­сетілді. Осы орайда «Сырдария ауда­ны­ның Құрметті азаматы» Бақдәулет Ма­қашевқа Nur Otan партиясының аудандық филиалы төрағасының және партия белсенділерінің атынан ризашылы­ғы­мызды білдіреміз. Рамазан айында жасаған игі ісі мол сауап болып жазылсын, ниеті қабыл болсын, – деді Nur Otan партия­сының Сырдария аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ер­кебұлан Жақып.    width= Қайырымдылық көмекті иеленген көпбалалы ана Айсұлу Байтілеуова жомарт кәсіпкерге алғысын білдірді. – Елдің бірлігі мен ынтымағы сыналар сәтте қайырымды жандар барымен бө­лісуге асығып жатыр. Ел азаматтары осы­лай елге, халыққа қызмет ете берсін. Біз жаны жо­март, көңілі жайсаң жандарға әрқашан тілекшіміз. Жұмыстары жемісті болсын. Бұ­рын Бақдәулет Еркінбекұлының игі іс­терін, қайырымдылық шараларына жаса­ған қолдауларын аудандық газеттен оқитын едік. Енді, міне өзіміз көмегін сезі­ніп жа­тырмыз. Алғыстан басқа айт­а­рымыз жоқ, ниеті қабыл болғай, – деді көпбалалы ана. Аз қамтамасыз етілген отбасының мүшесі Бауыржан Қоқымбаев та осы ті­лекке қосылып, риясыз ризашылығын біл­дірді. Ал Қалжан ахун ауылының тұр­ғыны, еңбек ардагері Болат Дүйсенбаев кәсіпкерге ақ батасын берді. Қызылорда облыстық мәслихатының депутаты Бақдәулет Мақашев қайырым­дылық шаралары жалғасын таба беретінін айтты. Жұртшылықты төтенше жағдай талаптарын сақтап, карантиндік сақтық шараларын ұстануға шақырды.  

 width=   Абылайхан ЖҰМАШ