Ел іргесі берік, бейбіт заман болсын!
Ел іргесі берік, бейбіт заман болсын!
371
оқылды
7-мамыр – Отан қорғаушылар күні. Отан қорғау­шы­­лар күнімен біздің жауынгерлерді, әскери қыз­меткерлерді, ардагерлерді шын жүректен құттық­тай­мын. Бейбіт Қазақстанымызды қорғау – әр қазақтың борышы. Әсіресе, әскер сапында жүр­ген азаматтарымыздың басты парызы. Біздің Қарулы Күште­рі­мізді, бүгінгі күні біздің эста­фе­та­мызды алып келе жат­қан жас жауынгерлерді осы  мере­ке­мен шын жүректен құт­тық­тағым келеді. 1992 жылы тәуел­сіз Қазақстан іргетасын қалап жатқан сәтте біз Қарулы Күш­терімізді нығайту жолында  бі­раз қиындықты бастан кешір­дік. Ол күндер де артта қалды.  Бүгінгідей коронавирус дерті елді алаңдатып тұрған шақта да жас сарбаздарымыз сапқа тұрып, аянбай  еңбек етіп жа­тыр.  Еліміз бұл қиындықты да еңсе­ріп, еңсе тіктеп кетеді деп ой­лаймын. Қазақстан Қарулы Күш­те­рін құруда өлшеусіз үлес қос­қан ар­дагерлерді де естен шы­ғар­ма­уы­мыз керек. Олар да әлі күн­ге дейін елдің бейбіт тұр­мы­сы үшін, қауіпсіздігі үшін еңбек етіп ке­леді. Тәуелсіз Қазақстанның ұлан­дары қиындықты бастан кеш­­песін деп тілеймін. Ел ба­сы­на ауыр күн тумасын! Ұлы Жеңістің 75 жылдығы, Отан қор­ғаушылар күні құтты бол­сын!  Ел іргесі берік, бейбіт өмір кешейік.