Nur Otan партиясы Түркістан облысына 40 тоннадан астам гуманитарлық көмек жөнелтті
Nur Otan партиясы Түркістан облысына 40 тоннадан астам гуманитарлық көмек жөнелтті
5,160
оқылды
Nur Otan партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек елдімекендерін су басқан Мақтарал ауданына қандай көмек көрсетіліп жатқанын айтты. "Өздеріңізге мәлім, көршілес Өзбекстанда су қоймасы бөгетінің бұзылуы салдарынан Түркістан облысы Мақтарал ауданының елдімекендерін су басып, 30 мыңнан астам тұрғын эвакуацияланды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтік комиссияға тез арада тұрғын үйлер мен инфрақұрылымды қалпына келтіру, тұрғындарға әлеуметтік көмек көрсету жұмыстарын жүргізуді тапсырды", - деп жазды ол Facebook-тегі парақшасында. ⠀ Оның айтуынша, төтенше жағдай орын алған алғашқы күннен бастап Nur Otan бұдан сырт қалмады. Партия филиалы мен мүшелері зардап шеккен тұрғындарға барынша көмек көрсетуде. ⠀ "Бүгін партияның Орталық аппараты елордадан Түркістан облысына 40 тоннадан астам гуманитарлық көмек, оның ішінде азық-түлік пен бірінші кезекте қажет тауарларды жөнелтті. Су тасқыны болған жерде тікелей Jas Otan волонтерларынан штаб құрылды. Олар зардап шеккен тұрғындарға жүкті үлестіріп беруге атсалысады" , - дейді Бауыржан Байбек.