Негізгі қауіп-қатер алда - Тоқаев
Негізгі қауіп-қатер алда  - Тоқаев
© inform.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел тұрғындарын ұлттық құндылықтарды қорғауға, соның ішінде тіл мәселесіне бей-жай қарамауға шақырды. Мемлекет басшысы бұл туралы Егемен Қазақстан газетіне берген сұхбатында айтты. - "Әлемде түрлі үрдістер қалыптасуда. Бірақ соның бәрі бірдей ұлттық мүддеге сай келе бермейді. Негізгі қауіп-қатерлер алда. Сондықтан қырағылық сақтай отырып, қиындықтарды еңсеруге әрдайым дайын болуымыз керек. Жаңа сын-сынаққа төтеп беру үшін, ең алдымен, ұлттық құндылықтарды қорғай білген жөн. Ана тілімізді, салт-дәстүрімізді, ұлттық сана-сезімді, қоғамдағы татулық пен келісімді, береке-бірлікті сақтай алмасақ, келер ұрпақ бізді кешірмейді. Әсіресе мемлекеттік тілдің мәселесі өте маңызды. Тіл – ұлттың тұғыры, ұрпақтың ғұмыры. Қазақ тілі қазақты әлемге таныта алады. Халықтың тілі – халықтың төлқұжаты. Мұны әрдайым есте ұстау керек. Біле білсек, ұлттық қауіпсіздік тілімізді қадірлеуден басталады", - деді ол. Еске сала кетсек, осыған дейін мемлекет басшысы жағдай күрделеніп кетпесе елімізде төтенше жағдай режимі 11 мамырда аяқталатынын айтқан болатын.