Түркістан облысындағы құйын дауыл қанша үйдің шатырын жұлып кетті - видео
Түркістан облысындағы құйын дауыл қанша үйдің шатырын жұлып кетті - видео
400
оқылды
Түркістан облысындағы бір ауылда құйындатқан алапат дауыл жүріп өтті, деп хабарлайды zakon.kz. Осындай сипаттағы видео әлеуметтік желілерде пайда болды. Видео авторы дүлей дауылдың Ордабасы ауданы, Аққойлы ауылында болғанын айтады. Алдымен қатты жылдамдықпен бір жерді шаңдата айналған құйын иірімі көрінеді, ол зорая келе ауылды ортасын кесіп өтеді, одан соң кадрда оның салдары бейнеленеді: қора-қопсы құлап, үй шатырлары ұшып, электр бағандарындағы сымдар үзіліп, ағаштар тамырымен жұлынып жатыр.   https://www.youtube.com/watch?time_continue=1&v=Mz3bAnuQWwE&feature=emb_logo