Тамара Дүйсенова Президенттің көмекшісі қызметіне тағайындалды, - деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
"Тамара Босымбекқызы Дүйсенова Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалсын",- делінген құжатта.