Шымкентке жасалған алғашқы рейс
Шымкентке жасалған алғашқы рейс
5,227
оқылды

Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов Air Astana әуекомпаниясының президенті Питер Фостерді әуежайдан күтіп алды. Шырайлы қалаға ат басын бұрудағы себеп – жаңа әуекомпанияның алғашқы рейс жасауы.

«Еліміздегі қала тұрғында­ры мен қонақтарына үлкен мүмкіндік беретін алғашқы бюджеттік әуекомпаниясының жұмысына сәттілік тілеймін. Қаламызға арнайы келген Питер Фостер мырзаға алғы­сым зор», – деді қала басшысы. Ал Air Astana компаниясының президенті Питер Фостер Қа­зақстан­дағы үшінші мегаполис деп танылған Шымкент – елі­міздің республикалық маңызға ие ірі қалалардың бірі екенін атап өтті. «Қала халқы бұдан былай алтын уақытын үнем­деп, лоукостермен сапар ше­гуді таңдайды деген сенім­демін», – деді ол.

Алматыдан Шымкентке алғаш рет ұшқан бұл бағытта жолаушылар толып келген. Билет құны ең аз мөлшермен, яғни 10 мың теңгеге дейін көлемдегі бағамен сатылған. Жолаушылар әуекомпаниясы өз саяхаттарын 26 қазанға дейін жоспарлап отыр. Сон­дықтан жолаушылар тиімді әуекомпа­ния­ны таңдап, қазіргі таңда компанияның ресми сайтынан билеттерді жылдам брондап алып жатыр. Алматы қаласынан Шымкентке 1 сағат 20 минутта ұшып келетін бұл FlyArystan әуекомпаниясында билет құны 4 999 теңгеден басталады.

Айта кетейік, оңтүстік ас­танадан Шымкентке ұшып келушілердің ішінде көрші облысқа және Өзбекстан Республикасына бара жатқан­дар да бар. Сондықтан үнемі билет тапшылығы сезілетін. Енді FlyArystan лоукостері, яғ­ни заманауи 180 орынды Airbus A320 әуе кемелері Алма­тыдан Шымкентке қарай күн­делікті қатынайтын болады.

 

Е.МҰРАТБЕК,
Шымкент қаласы