Карантин режимі біткен соң тұрғындар өзін-өзі оқшаулап, сақтық шараларын күшейтуі керек. Босаңсуға әлі ерте. Алматының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин тұрғындарға осындай ескерту жасады, - деп жазады azattyq-ruhy.kz. Оның сөзінше, Алматыда 19 мыңнан астам медицина қызметкері коронавирусқа қарсы жаппай тексеруден өткен. Сонымен қатар, әскерилер мен әлеуметтік топтағы адамдарды да тексеру жүргізіліп жатыр. Алдағы уақытта халық толықтай COVID-19-ға қарсы тексеріле алады. Бүгінге дейін қалада 77 мыңнан астам тест сатып алыныпты.
«Халықты жаппай тестілеу басталды. Осы күнге дейін 77 мың тесті өткізілген. Оның 22 мыңы эксперсс-тест болатын. Қазіргі сәтте Алматыда 2 мың тест шығарылып жатыр. Алдағы уақытта оның санын 3 мыңға дейін көбейтпекпіз. Карантин режимі аяқталғаннан кейін де оқшаулану мен қорғаныш құралдарын пайдалануды жалғастыру керек. Қоғамдық орындарда арақашықтықты сақтап, масканы міндетті түрде тағу керек», - деді Алматының бас санитары Жандарбек Бекшин.Халықты тексерудің ауқымын кеңейту үшін 10 мобильді аурухана жұмыс істеп жатыр. Ал тесттің нәтижесін жылдам шығару үшін 6 зертхана іске қосылған. Алдағы уақытта олардың санын 8-ге жеткізу көзделіп отыр.