Түркістан облысында су тасқынынан зардап шеккен Мақтаарал ауданына сарыағаштықтар да алғашқылардың бірі болып көмек жіберді. Олар көршілес аудан тұрғындарына жалпы құны 1 млн 735 мың теңгенің гуманитарлық көмегін жөнелтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Гуманитарлық көмек ішінде азық-түлік, ет, су, күріш, ұн, картоп, пияз, май, қанттан бөлек, көрпе-төсек, гигиеналық заттар, балаларға қажетті кеңсе тауарлары да бар. Аталған заттар Сарыағаш ауданына бекітіліп берілген 5 мектепте орналасқан 700-ге жуық тұрғындарға күнделікті таратылып берілуде.