Мамин Каспий жағалауында туризмнің қазығын қадады
Мамин Каспий жағалауында туризмнің қазығын қадады
164
оқылды

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Маңғыстау облысына жұмыс сапарымен барып, онда ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев алға қойған міндеттердің жүзеге асырылуымен және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы сәуір айында жұмыс сапары барысында өңірді әлеуметтік-экономикалық дамыту бойынша берген тапсырмаларының орындалуымен танысты.

Үкімет басшысы өңір активінің қатысуымен жұмыс кеңесін өткізді. Маңғыстау облысының әкімі Е. Тоғжанов еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады.

Биылғы 4 айдың қорытындысы бойынша өңірде өнеркәсіптік өнім өндірісінің көлемі 943,6 млрд теңгені құрады, соның ішінде 20,1%-ға машина жасау өсімін қамтамасыз ету есебінен болды.