Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқынынан зардап шеккен Түркістан облысының бірде-бір тұрғыны назардан тыс қалмайтынын айтты. Президент бұл туралы twitter-дегі парақшасында жазды. «Үкіметке Өзбекстандағы су қоймасы бөгетінің бұзылуы салдарынан су басқан ауылдарымыздың тұрғындарына жан-жақты материалдық көмек көрсету тапсырылды. Түркістан облысының бірде-бір тұрғыны назардан тыс қалмайды», – деді Мемлекет басшысы.