«Пакеттен сәбидің қолы шығып жатты» – шақалақтың шешесі іздестіріліп жатыр
«Пакеттен сәбидің қолы шығып жатты» – шақалақтың шешесі іздестіріліп жатыр
Фото: КТК-дан скриншот
168
оқылды
Маңғыстау облысында шетінеген шақалақтың анасы іздестіріліп жатыр. Жаңа туған сәбиді пакетке салып, бір үйдің есігінің алдына тастап кеткен. Бөбекті қалдырған кезде не тірі, не өлі болғанын тәртіп сақшылары тексеруге кірісті, – деп хабарлайды КТК. Оқиға Атамекен ауылында болды. Кешкілік сағат 5-тер шамасында жұмыстан қайтқан ер адам көрші үйдің есігінің алдында жатқан пакетке көзі түседі. Целлофан дорбадан сәбидің қолы шығып жатқан. Ал жанында айналшықтап ит үріп жүріпті. Тұрғын итті қуып жіберіп, дереу полиция шақырады. Пакеттен шығарғанда сәби өлі болған. Бөбек айы-күні жетіп туғанға ұқсайды. Шашы бар және салмағы да едәуір болған. Атамекен ауылы тұрғындары бұл оқиғадан шошынып отыр. Олар сырттан келген біреу тастап кеткен болар деп болжайды. Себебі, бұл маңайда соңғы айларда «жүкті әйелді көрмедік» деп отыр. Атамекен ауылының тұрғыны Гүлсім Ибрагимова: «Целлофан пакеттің сыртынан нәрестенің  қолы шығып жатыр екен. Ол кісі көлігінен түсіп, үрейленіп, пакетті алған. Содан полиция шақырып, олар келіп тексерді. Үй-үйге кіріп шықты. Бір құдай біледі. Қатыгез ана  болып тұр ғой. Іштен шыққан баласын қалай тастап кеткен?! Обал ғой!», – дейді.