Қазақстанда қанша ардагер бар?
Қазақстанда қанша ардагер бар?
248
оқылды
Жеңіс күні қарсаңында соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне қо­мақ­ты әлеуметтік көмек көр­сетіледі. Бұл ақпа­рат­ты Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ерлан Әукенов хабарлады. Оның ай­туын­ша, қазір Қазақстанда ІІ дүниежүзілік соғыстың 1 025 ардагері бар.  
– Еңбек және халықты әлеу­меттік қорғау министрлігі Же­ңіске үлес қосқан барлық аза­матқа материалдық көмек бе­рудің кепілдендірілген шегін бекіту туралы әкімдіктерге ұсы­ныс жасаған еді. Нәтижесінде, соғыс ардагерлері мен мүгедек­теріне 1 млн теңге көлемінде бірреттік материалдық жәрдем берілді,– деді шенеунік.
Сондай-ақ Үкімет Ленинград қоршауында қалған тұрғындар мен кәмелетке толмаған конц­лагерь тұтқындарына 50 мың теңгеден, ал соғыста қаза тапқан ардагерлердің жұбайына, соғыс жылдары еңбек еткен тыл еңбек­керлеріне 30 мың теңгеден үлес­тірмек.
– Төлем бүкіл аймақта жүр­гізіледі. 7 өңірде беріліп те қой­ды. Олар: Ақтөбе, Атырау, ШҚО, Қарағанды, Қызылорда облыс­тары мен Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары. Өзге өңірлерде жақын арада бәріне табысталады, – деді Ерлан Әукенов.
Айта кетейік, бұған дейін Президент Қасым-Жомарт То­қаев ІІ дүниежүзілік соғыс арда­герлеріне 1 млн теңгеден беріле­тінін мәлімдеген.  

Айдар ДӘУІТҰЛЫ