Қоғамның іргетасы – парасатты жастар
Қоғамның іргетасы – парасатты жастар
Жастар – қоғамның қозғаушы күші. Олардың үлгілі бо­лып өсуі еліміздің дамуына, гүлденуіне септігін тигізеді. Осы тұрғыда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агент­тігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті «Астана – адал­дық алаңы» жобалық кеңсесі көптеген жұмыс ат­қа­рып жатыр. Жыл басынан бері жастар ара­сында сыбайлас жемқорлыққа қар­сы мәдениетті қалып­тас­ты­ру­ға бағытталған 3 мыңға жуық (лек­­ция, дөңгелек үстел, кезде­су­лер, дебат, бейнеролик, сурет бай­­қаулары және т.б.) іс-шара өт­кі­зілді. Елордамыздың барлық мек­­теп, колледж, университет қа­­­­­­бырғаларында  жалпы саны 139 «Парасаттылық мектебі» ашыл­ды. Мектептің мақсаты – жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қар­сы мінез-құлық қалыптас­тыру және сыбайлас жем­қор­лық­қа қарсы қозғалыстың жаңа фор­­ма­ция­дағы жас өкілдерін дайын­дау. Атал­ған мектептерден 2 мың­нан а­стам парасаттылық ел­шісі жи­нақ­талып, 200-ге жуық па­расат­тылық бұрышы ашыл­ды. Сенім атмосферасын құру жә­не оқушыларға өздерін адал адам ретінде анықтауға мүмкіндік беру мақсатында былтырғы жыл­дан бастап «Адалдық дүкені» бар­­­лық мектепте қызмет көр­се­туде. Дүкеннің басты ерекшелі­гі – онда сатушы мен сатып алу­­­­шы­ларға қандай да бір ба­қы­лаудың бол­мауында. Бұл дүкен­дер­дің жұмы­сы жастардың бойын­дағы адал­дық, әділдік қа­сиет­терін шыңдай түседі. Қаңтар-ақпан айларында бар­лық білім беру мекемесінде «Адалдық сағаты» акциясы өт­кі­зілді. Іс-шаралар «Астана – адал­дық алаңы» жоба менеджерлері, де­­партамент жанындағы ақ­па­раттық үгіт-насихат штабының же­текшісі, қоғам қайраткері Сә­дібек Түгел және мүшелері Ер­бол Іргебай, Қарлығаш Ер­ға­зы, Ернар Жұматаев, Nur Otan пар­тиясы өкілдері, белсенді­лер­дің қатысуымен өтті. Аталған ак­цияға елорданың барлық оқу орын­дарынан жалпы  30 мыңға жуық жас қатысты. Наурыз айынан бастап сы­бай­лас жемқорлыққа қарсы #adaldyqJolymen челленджі мек­теп, кол­ледж, университет шә­кірт­тері ара­сында қолдау тауып, бі­рі – өздерінің тырнақалды туын­­дыла­рын, енді бірі – ғұлама ақын-жазу­шылардың еңбек­терінен үзін­ді оқып, бейнежазбаларын Facebook және Instagram парақ­ша­ларына жүктеп, желіні бұқара­мен байланыстың басты алаңына айналдыра білді. Бүгінде рес­пуб­ликаның барлық аумағында тө­тен­ше жағдай енгізілуіне бай­ла­нысты департамент жастармен өт­кізілетін іс-шараның бәрін он­лайн режимде жүргізіп жатыр. Департамент жанынан құрал­ған ақпараттық үгіт-насихат шта­бының жетекшісі және мү­ше­лері Facebook және Instagram па­рақшалары арқылы  тұрақты не­гізде жастар қауымымен  тіке­лей эфирде кездесу ұйым­дас­ты­рып, «Әділдік, парасаттылық, се­­­­­­нім» тақырыбында жұмыстар  жүр­­­гізді. Жалпы, білім беру ұйым­­дарында онлайн «Па­расат­ты­­лық сағаты» өткізілуде. Соны­мен қатар жоғары оқу орын­дары­ның студенттері тегін заң көмегін көр­сететін «Адал көмек» акция­сы­на белсене қатысып, өз үлес­те­рін қосуда. Нұр-Сұлтан қала­сы­­ның Білім басқармасымен бір­лесе 1-30 сәуір аралығында «Жас­тар жемқорлыққа қарсы!» әлеу­меттік жемқорлыққа қарсы жар­нама интернет-байқау өткі­зіл­ді. Мәуелі жас ағашты  бапта­ған­да ғана жайқалып, түзу өсе­ді. Сол сияқты қанатын енді қақ­­­­­қан жас­тарға жемқорлыққа төзбеушілік им­мунитетін қалып­тас­тырып,  мүм­кіндіктер жасауы­мыз қажет. Хал­қымыздың арай­лы таңын тек бел­сенді жастардың та­­лапты тал­пынысына жол ашып, адал ұста­нымын дамытуы­мыз керек.  

Нұрлан ҚЫДЫРБАЕВ, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департамент басшысы