Шарджа қаласында 48 қабатты тұрғын үй өртенді
Шарджа қаласында 48 қабатты тұрғын үй өртенді
Фото: Интернеттен алынды
266
оқылды
Біріккен Араб Әмірліктерінің Шарджа қаласында 48 қабатты Аббко мұнарасы өртеніп, соның салдарынан кем дегенде жеті адам жарақат алды. Aljazeera агенттігі таратқан мәліметке сәйкес, Шарджа қаласының БАҚ үкіметтік басқармасының мәлімдемесі бойынша, тұрғын мұнарада өрт сейсенбі күні кешке басталған. Өрттің салдарынан жеті адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Gulf News газетінің хабарлауынша, қауіпсіздік қызметкерлері өрттің жергілікті уақыт бойынша сағат 21:00 шамасында басталғанын хабарлады. Khaleej Times қоршалған тұрғын мұнараның қасындағы кем дегенде бес ғимарат тұрғындары қауіпсіз жерге көшірілгені, ал бұл аудандағы бірнеше көлік үстіне құлаған қоқыстан бүлінген.   https://twitter.com/i/status/1257728928657149952