Жаумен мылтықсыз күрескен жауынгер
Жаумен мылтықсыз күрескен жауынгер
©Сурет интернеттен алынды
Хайдар Саидов - Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан сарбаздардың бірі. Қан майдандағы ерлігі үшін «Қызыл Жұлдыз» ордені мен «Әскери еңбегі үшін» медалімен марапатталды. Өзі 1922 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам ауданында дүниеге келген. 20 жасында әскер қатарына  шақырылды. Отан алдындағы борышын майдан шебінде өткізген ол, жүктелген міндетті орындап отырды. Соның бірі - Одер өзеніндегі плацдармды жаулап алу. Хайдар Саидов «Отан үшін алға!» деген ұрынмен жау траншеясын бірінші болып бұзып кіріп, қайсарлық танытты. Сол жерде оның пулеметінен немістің 37-і сарбазы қаза болды. Ал 1945 жылдың 16 сәуірде Лечин қаласы үшін айқаста ол жүрекжұтқан жауынгер екенін көрсетті. Жаудың екі пулеметі біздің батальонды оқ астына алып, олардың алға жылжуына бөгет етті. Сол кезде Хайдар Саидов жауға жысырын барып, көзін жоюға өзі сұранды. Сөйтіп, жауға еңбектеп барып, арттағы батальонға оқ жаудыруға белгі берді. Өзі де бірден 2-3 гранатаны лақтырып жіберіп, шабуылға шықты. Қолындағы бар қаруы - пышақ қана. Оған қарамастан ол жаудың 4 жауынгерін құлатты.