Ұлы Отан соғысы жылдарында кіші сержант Ташен Сарсеев әскерге 1941 жылы шақырылды. Әскерде ол 133-атқыштар дивизиясы 681-гвардиялық полкінің құрамында медицина қызметкері болды. 1912 жылы Алматы облысында дүниеге келген Ташен Сарсеев ұрыс алаңында өмір үшін күрескен жан еді. Оның отын алдындағы борышы - отандастарының амандығы. Екінші дүниежүзілік соғыстағы әр қантөгісте әрбір сарбаз үшін жанұшырып жүгірді. Мәселен, 1941 жылдың 10 маусымдағы шайқаста - 168 жараланған сарбазды, сол жылдың 17 қарашасынан 6 қазан аралығындағы Калинин қаласы үшін ұрыста - 87 адамды, Мәскеу түбіндегі Каменка ауылын шабуылында 15-ін ұрыс алаңынан сүйреп шығарып, оларға алғашқы көмек көрсетіп, өмірін сақтап қалды.