Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Жаңалықтар

Елдіктің өресі, отаншылдық белгісі

«Айқын» ақпарат
Мамыр 6, 2020
Жаңалықтар, Әлеумет, Қазақстан
Елдіктің өресі, отаншылдық белгісі
208
қаралым

Қазақстанда патриотизмді ұлықтай­тын қос мереке жылда қатар келеді. Бұл – ақ самал ескен ұлы даласын, ақ са­қал­ды абыз данасын, ақ жаулықты ана­сын, күміс күлкілі баласын қорғаған аза­маттардың мейрамы. Ұлы Отан соғы­сында ардагерлеріміз ер намысы болып атылды, ел дауысы болып шақырды. Олардың бүгінгі мұрагерлері қасиетті парызды қапысыз атқарып келеді.

Қазақ елі киелі жеріміздің иесі бола білген ерлер арқасында шарық тастай шыр айналған дүниенің небір шырғалаңынан аман шыққан, елдігін сақтады. Ерлік қазақтың қанында бар, мұны мақтан тұта білуіміз керек. Ата-бабамыз сан ғасыр бойы кең-байтақ даланы бүтін сақтау үшін аттың белін қайыстырып, найзаның ұшын майыстырып жауға шапты, ғұмырын алысумен өткізді. Бертінде, ХХ ғасырдың 40-жылдарындағы Екінші дүниежүзілік соғыста қаһармандарымыз адамзатты аяусыз қырған түнек күшке қарсы тұрып, басын бәйгеге тікті. Олардың ерен ерлігі мен асқақ өрлігі бүгінгі ұрпаққа өнеге.

9 мамырда – Ұлы Жеңіс күні осы батыр­ларымыздың ерлігіне тағзым етіп, тұлғасына құрмет көрсетеміз.

Ардагерлер арасында шахмат және үстел теннисінен турнир өтті

Қарттар күніне арналған айлық басталды

«Отан үшін от кешкен батырдың біз ұрпағымыз!» атты марафон мәресіне жетті

Ата-бабаның мызғымас та мұқалмас ерлік дәстүрі бүгінде әр қазақтың кеудесінде от болып маздап тұр. Біздің мақсатымыз – осы оттың ке­лешекте де сөнбей, жаңа жеңіске жігерлендірер жалынға айналуына ықпал ету.

Отанды қорғау соғысуды ғана білдір­мейді. Әр іске ұлттық мүдде тұрғысынан қарау, кез келген жаһандық бәсекеде намысты қолдан бермеу, ел басына қиындық түскенде халыққа қол ұшын созып, қорған болу – тәуелсіздікті тұғырлы, мемлекеттілігімізді мәңгілік етеді.

Ендеше 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні тек әскерилер емес, келешек жүгін, ел сенімін арқалаған, халық тұрмысы жақсаруы, мем­лекет­міз озық дамуы үшін өз саласында жан сала еңбек еткен барша ер-азаматтың ортақ мейрамы.

Отанды қорғау – өзектілігін жоғалтпайтын іс. Әсіресе, Үшінші дүниежүзілік соғыстың баламасындай болған коронавирус пандемия­сымен әлемнің жаппай арпалысы кезеңінде мұның мән-маңызы одан сайын арта түсті. Бүгінде елді қорғаудың басты мәнісі – шетелдік кеселдің кең жайылуына, қазақтың шығын болуына жол бермеу, жұртымыздың қалыпты өміріне оралуына қол жеткізу болмақ.

Қазақстандықтардың отаншылдығы, еңбекқорлығы, қайырымдылығы арқасында бұл қиындықтан да абыроймен өтеріміз сөзсіз.

Отаншыл азаматтардың ортақ мерекесі – Ұлы Жеңіс күні және Отан қорғаушылар күні құтты болсын, ағайын! Баршаңыздың ден­деріңізге саулық, шаңырақтарыңызға шаттық, отбасыларыңызға амандық тілеймін! Әрдайым туымыз жығылмасын, қазақтың көк байрағы биікте желбіресін, бірлігіміз бен берекеміз арта берсін!

 

ЖЕҢІС КҮНІ

Жұмыр жердің дүрсілдетіп жүрегін,
Қара аспанның ыдыратып түнегін.
Жеңіс көктем, алып келді гүл өмір,
Жасын арман, шашу етіп тілегін.

Аналардың жасқа толса жанары,
Артта қалды, қаралы күн налалы.
Адамзаттың жырға айналып алабы,
Жеңіс күні, ән тербетті даланы.

Жеңіс-жеңіс, батырларым байлығым,
Жеңіс-жеңіс, ардагерлер айбыным.
Ұмытпайды бүкіл әлем Жеңісті,
Жеңіс-жеңіс, соңғы күні қайғының.

Нар иығын селкілдетіп ерлердің,
Қос жанарын жәутеңдетіп жеңгемнің.
Жеңіс көктем қарттарымды қажытып,
Кәрі иегін кемсеңдетіп сен келдің.

Қанша уақыт өтсе дағы арадан,
Жазылмаған соғыс салған жаралар.
Ұрпағымен мәңгі бірге жасайды,
Қан майданнан қайтпай қалған бабалар.

Ер есімі, ел есінде сақталар,
Жас ұрпақтың жүрегінде жатталар.
Бейбіт күннің бесігінде тербеліп,
Ардагерлер ақ арманы ақталар.

Адам өтер, заман өтер, көнеріп,
Ұрпақтары, өсіп-өнер көгеріп.
Жас сәбидің иісіндей әр үйдің,
Қариясы құт-береке, теберік.

Жеңіс-жеңіс, желбіретіп байрағын,
Жеңіс-жеңіс, ар-намысты қайрадың.
Жеңіс күннің жетелеген төріне,
Арда туған, Ардагерлер айбарым!

 

Бақытбек СМАҒҰЛ,
Мәжіліс депутаты,
Qazaqstan Ardagerleri қауымдастығының төрағасы

 

 

 
Тегтер: 9 мамырардагерлерЖеңіс күніҰлы Отан соғысы
Алдыңғы жаңалық

Теңіз кенішінде Covid-19 індетінің 160 жағдайы тіркелді

Келесі жаңалық

Евгений Комаровский коронавирусқа байланысты жұмыс берушілерге кеңес берді

Ұқсас жаңалықтар

ШҚО
Жаңалықтар

ШҚО-да карантин шектеу шаралары 7 ақпанға дейін ұзартылды

Қаңтар 22, 2021
Ақтөбе
Жаңалықтар

Белорусиялық маман «Ақтөбенің» бас бапкері атанды

Қаңтар 22, 2021
Жандос Бүркітбаев Денсаулық сақтау вице-министрі қызметіне тағайындалды
Жаңалықтар

Жандос Бүркітбаев Денсаулық сақтау вице-министрі қызметіне тағайындалды

Қаңтар 22, 2021
СҚО-да көлікке мінген 6 жасар бала әйелді 2 баласымен бірге қағып кеткен
Жаңалықтар

СҚО-да көлікке мінген 6 жасар бала әйелді 2 баласымен бірге қағып кеткен

Қаңтар 22, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ШҚО-да карантин шектеу шаралары 7 ақпанға дейін ұзартылды

Қаңтар 22, 21:31

Белорусиялық маман «Ақтөбенің» бас бапкері атанды

Қаңтар 22, 20:54

Жандос Бүркітбаев Денсаулық сақтау вице-министрі қызметіне тағайындалды

Қаңтар 22, 20:28

СҚО-да көлікке мінген 6 жасар бала әйелді 2 баласымен бірге қағып кеткен

Қаңтар 22, 20:21

Елбасы елорда әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады

Қаңтар 22, 19:15

Елбасы Бейбіт Атамқұловты қабылдады

Қаңтар 22, 19:09

Шетелде лауазымды қызмет атқаратын қазақтар

Қаңтар 22, 18:51
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

ШҚО

ШҚО-да карантин шектеу шаралары 7 ақпанға дейін ұзартылды

Қаңтар 22, 2021
Ақтөбе

Белорусиялық маман «Ақтөбенің» бас бапкері атанды

Қаңтар 22, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»