Алматы облысы әкімінің штаттан тыс кеңесшісі тағайындалды
Алматы облысы әкімінің штаттан тыс кеңесшісі тағайындалды
192
оқылды
"Жетісу - адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің басшысы Аманжол Жазықбаев Алматы облысы әкімінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды. Алматы облысында Сыбайлас жемқорлықты жоюға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық моделін қалыптастыруға бағытталған жобалық кеңсе 2018 жылдың соңында құрылды. "Жетісу - адалдық алаңы" қызметінің негізгі бағыты - мемлекеттік қызметтер көрсету, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау, білім беру, жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, сыбайлас жемқорлықтың жалпыға бірдей бас тартуын қалыптастыру, азаматтардың Алматы облысында мемлекеттік органдарға деген сенімін арттыру. Еске сала кетелік, штаттан тыс кеңесші лауазымына жалақы төленбейді.