Есеп комитеті Мақтааралда су тасқынынан зардап шеккендерге бір күндік жалақысын аударды
Есеп комитеті Мақтааралда су тасқынынан зардап шеккендерге бір күндік жалақысын аударды
112
оқылды
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің ұжымы Түркістан облысы Мақтаарал ауданында су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсету қорына бір күндік жалақысын аударды, - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі. Естеріңізге сала кетейік, 1 мамырда Сардоба су қоймасы бөгетін су шайып кетуіне байланысты Өзбекстанның Сырдария облысындағы елдімекенді су басты. Соның салдарынан Мақтаарал ауданында шекара маңындағы бірнеше коллектор суға толып қалған. Мақтааралдағы орталық коллектордан су төгіліп, бірқатар ауыл судың астында қалған болатын.