Қазақстанда коронавирусты кімдердің жиі жұқтыратыны белгілі болды
Қазақстанда коронавирусты кімдердің жиі жұқтыратыны белгілі болды
© сурет интернеттен алынды
104
оқылды
Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың дені 20-25 жас аралығындағы жастар. Бұл санатта 666 адамда Covid-19 расталып отыр, деп хабарлады КТК телеарнасы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановқа сілтеме жасап. Оның айтуынша, соңғы бірнеше күнде бір тәулікте коронавирусқа шалдығудың жаңа жағдайлары 3 проценттен көп емес. Сондай-ақ, министр COVID-19 жұқтырғандар скрининг кезінде анықталғанын айтты. Соңғы ақпаратқа сәйкес, Қазақстанда 4 277 адамда коронавирус расталды. Науқастардың көбі Алматы (1 392 адам) мен елордада (754 адам) тіркелген. Өңірлер арасында әлі де ең көп жағдай Қызылорда облысында тіркелген. Облыста 216 адам індетке шалдықты.