Қазақстандықтарды жаппай вакцинациялау және чиптеу туралы қауесет тарады
Қазақстандықтарды жаппай вакцинациялау және чиптеу туралы қауесет тарады
© сурет интернеттен алынды
127
оқылды
Әлеуметтік желілерде Түркістан облысындағы мектеп оқушыларын чиптеп жатқанға ұқсайтын деректі фильмнің үзіндісі пайда болған. Денсаулық сақтау министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарды.
Қазіргі уақытта әлеуметтік желілерде халықты жаппай вакцинациялау және чиптеу туралы фотосуреттер мен аудио хабарламалар тарап жатыр. Денсаулық сақтау министрлігі бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын ресми түрде мәлімдейді. Осыған байланысты мен барлық азаматтарды әлеуметтік желілердегі күмәнді материалдарға сеніп қалмауға және сенімді ақпарат көздері таратқан мәліметтерге сенуге шақырғым келеді. Жалған ақпарат таратқаны үшін адамдар жауапкершілікке тартылатындығын еске салғым келеді, - деді Эпидемиологиялық қадағалау басқармасының бас сарапшысы Нұршай Әзімбаева.
Бұған дейін әлеуметтік желілерде қазақстандық мектеп оқушыларын чиптеп жатқаны туралы видео тараған. Онда чиптің арқасында ата-аналар балаларын қашықтан басқара алатындығы, тестті АҚШ үкіметі қаржыландыратыны айтылады.