Мақтааралда ерікті әскери жасақ каналдардың бойына дамба тұрғызуда
Мақтааралда ерікті әскери жасақ каналдардың бойына дамба тұрғызуда
5,113
оқылды
Түркістан облысында ерікті әскери жасақ төтенше жағдай орын алған Мақтаарал ауданындағы тұрғындарды эвакуациялау жұмыстарымен айналысуда. Еріктілер сонымен қатар тасқын судың аудан орталығына өту қаупін сейілту мақсатында қолға алынып жатқан шараларға белсенді атсалысуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Еріктілердің қатарында Келес, Мақтаарал,Сарыағаш және Жетісай аудандарынан тартылған 60 әскери жасақ бар. Сонымен қатар, Фирдауси елді мекенінен эвакуацияланған 17 азамат өз еріктерімен әскерилер жасағына көмектесіп, Жаңа жол ауылдық округіндегі каналдың бойына дамба тұрғызуда. Жалпы саны 3 мыңға жуық бос қапшыққа құм салынып, қазірде канал бойынан 3 қатар ұзындығы 500 метр жерге қаланды. Бұл жұмыстар әлі де бәсеңсіген жоқ. Еске сала кетсек, өңірде қатерлі індетпен күресу мақсатында және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ерікті әскерилер жасағы құрылған болатын.