Ерлік - елдің ісі
Ерлік - елдің ісі
© Сурет интернеттен алынды
5,147
оқылды
Қызылордалық Ернияз Сатов әскерге 1939 жылы шақырылған. Соғыста 7-атқыштар ротасының бөлім командирі болды. 1945 жылдың 9 наурыздағы Кюстрин қаласы үшін шайқаста Ернияз Сатов батальонын бірінші болып алып кіргеннің бірі еді. Кірген беттен ол пулеметтен атқылап жатқан жаудың орнын байқап қалады. Жауға білдіртпестен қасына жақындай түседі. Содан күтпеген жерден оларға екі зеңбіректі лақтырып жіберіп, отты орынды жойып жібереді. Бірден арғы жағына еніп кетіп, үй түбінде тығылып жатқан немістің 14 жауынгері мен офицерін атып түсірді. Взвод командирі ретінде жауды састыру мақсатында өз тобын олардың арт жағынан шабуылдауға шығады. Сөйтіп, сол жердегі үйлерде тығылып жатқан 90-нан астам немісті қоршап алады. Ұрыс барысында қарсыластың 50-ге жуығын жер жастандырады. Ал қалған немісті тұтқынға алады. Жараланғанына қарамай соңына дейін шайқасқан Ернияз Сатовқа  «Әскери еңбегі үшін» медалімен марапатталды.