Отбасы орталығы ашылды
Отбасы орталығы ашылды
174
оқылды

Медиация кабинетінде осындай орталықты құрудың басты мақсаты араздасқан отбасыларды татуластыру және отбасылық құндылықтарды сақтау, сондай-ақ отбасылық жан­жал­дарды реттеу бойынша қызмет кешенін көрсету орталы­ғына айна­ладыру екен. Салтанатты жиын­да Жамбыл облысы ҚХА хатшылы­ғы­ның меңгерушісі Маржан Төреғұл­қызы 2017 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Тараз қаласында болғанда отбасы, неке, жастар мәселелеріне ерекше алаң­дай­тынын және аталған мәселелер бойынша жұмыс жаса­луын тапсыр­ғандығын атап өтті. Сондай-ақ осы тапсырмаларға сай, бүгінде Аналар кеңесі және медиация кабинеті көптеген жұмыс атқарып жатқанын жеткізді. Ал Жамбыл облыстық сотының сот алқасының төрағасы Жомарт Рүстембеков облыстық Қазақстан халқы ассам­блея­сына осындай орталықты құруға мүмкіндік беріп, бірге жұдырық жұмылдыра жұмыс істегені үшін алғысын білдірді. Сот алқасының төрағасы: «Бұдан ары орталықта отбасы-неке даулары бойынша дау­лар­ды сотқа дейін және соттан тыс реттеу институтын дамыту шара­лары­ның жүргізілетінін атап өтті. Алда мұндай іс-шараларға бітімгер-судьялар, медиаторлар, психологтар мен әлеуметтанушылар қатысады және олардың міндеті – жанжал жасаушы ерлі-зайыптыларды тату­лас­тыру және ажырасу санын мейлінше азайту» дейді. Сонымен қатар Жамбыл облысы Әділет депар­та­ментінің өкілі Ләззат Әбішева «Отбасылық сот» атты жаңа жобамен таныстырып, АХАТ орган­дарына өтініш білдірген жас жұптарға тегін курс-тренингтерді ұйымдастыру, ерлі-зайыптылардың, ата-аналардың жеке, мүліктік құқықтары мен міндеттеріне, алименттік міндет­темелерге, бала құқықтарына байла­нысты құқықтық кеңес беру мәсе­ле­лері туралы айтып өтті. Медиация каби­неті осындай орта­лықты құру арқылы енді отбасыларды татулас­ты­ру және отбасылық құнды­лық­тарды сақтау, жанжалдарды реттеу бойынша қызмет кешенін көрсету орталығына айналатын болды.

 

Жамбыл облысы