Жетісу жұртымен жүздесті
Жетісу жұртымен жүздесті
163
оқылды

Қазақстан президентіне үміткер Қасым-Жомарт Тоқаевтың республикалық штабының мүшелері Алматы облысында халықпен тығыз жұмыс істейтін сала мамандарымен, қоғам белсенділерімен кездесті.

Республикалық штаб мүшелері жи­налғандарды кандидаттың сайлауалды бағ­дарламасымен таныстырды. Құжат­тағы басымдықтар халықтың әл-ауқатын көтеруге бағытталған. Тұғырнамадағы сабақтастық, әділдік, өрлеу қағидалары туралы толыққанды ақпарат берді.

– Осында келе жатып, Бикен Римова атындағы драма театрының әсем ғи­маратын, өзге де нысандарды тамаша­ладым. Мұның бәрі Елбасының дана саясаты арқасында қол жеткізген же­тістіктеріміз. Әлеуметтік салаға бөлінетін қаражат жыл санап еселеніп келеді, – дейді Мәжіліс депутаты Артур Платонов.

Республикалық қоғамдық штаб мүшелері қатарында Сенат депутаттары Бақытжан Жұмағұлов, Мұхтар Құл-Мұхаммед, Мәжіліс депутаты, Nur Otan партиясы партиялық бақылау комите­тінің төрағасы Қуаныш Сұлтанов, театр және кино актері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Әділ Ахметов болды. Облыстық қоғамдық штаб басшысы, Nur Otan партиясы Алматы облыстық фи­лиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалиасқар Сарыбаев кандидаттың тұ­ғырнамасына тоқталды. Ал Қарасай аудандық ауруханасының басшысы Максим Стадников кандидаттың алдағы сайлауда көпшіліктің қолдауына ие болатынына сенім білдірді.

Бұл бастамалар талдықорғандық тұрғындар тарапынан қызу қолдау тапты. Жиынға келген 500-дей қатысушы ұстанымдарын «Сабақтастық», «Әділдік», «Өрлеу», «Тоқаев! Nur Оtan! Қазақстан!» ұрандары аясында білдірді.


Айдана БЕГІМ