Футболдан Германия чемпионаты мамыр айының ортасында қайта жалғасады. Коронавирус пандемиясына байланысты Бундеслига ойындары кейінге шегерілген болатын. – лига сайты. Бундеслига басшылығы Еуропадағы жетекші саналатын ұлттық футбол лигалары арасында бірінші болып чемпионатты қайта жалғастыруға көңіл бөліп отыр. Неміс футбол лигасы (DFL) бұдан бұрын барлық ойыншыға инфекцияға байланысты тұрақты тексеру жүргізілетінін жариялаған еді. Сондай-ақ, алдағы ойындар әзірге жанкүйерсіз өтеді. Естеріңізге сала кетелік, Бундеслигада соңғы 25-тур ойындары 8 наурызда өтті. Қазір турнир кестесінде «Бавария» 55 ұпаймен көш бастап тұр. Одан кейінгі орындардағы «Боруссия» (Дортмунд) клубында - 51, «Лейпцигте» - 50 ұпайдан бар. Бұдан бұрын футболдан Францияның ПСЖ командасы чемпион болып танылды.