7 мамырға арналған ауа райы болжамы
7 мамырға арналған ауа райы болжамы
© Сурет ғаламтордан
Синоптиктер 7 мамырда Қазақстанда шаңды дауыл, жаңбыр жауады, – деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі. Қазақстанның басым бөлігіне антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республиканың батыс, оңтүстік-батыс және оңтүстігінде атмосфералық фронттарға байланысты кей жерлерде жаңбыр жауады. Ал оңтүстік-батыста күндіз нөсер жаңбыр жауады. Кей жерлерде жел күшейіп, батыста, оңтүстік-батыста және оңтүстікте – шаңды дауыл соғады. Маңғыстау облысының кей жерлерінде жел екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді, күндіз кей жерлерде шаңды дауыл тұрады. Түркістан облысының кей жерлерінде дауыл соғады, жел қарқыны - 15-20 м/с. Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл тұрады. Түнде - кей жерлерде, күндіз - облыстың басым бөлігінде жел жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Алматы облысының кей жерлерінде жел екпіні - 15-20 м/с. Күндіз Алакөл ауданында секундына 23 метр жылдамдықпен жел еседі. Атырау, Жамбыл, күндіз Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с дейін күшейеді.