Елімізде пойыздар жүре бастаса, коронавирусқа анықтама қажет пе?
Елімізде пойыздар жүре бастаса, коронавирусқа анықтама қажет пе?
Фото: Интернеттен алынды
196
оқылды
Қазақстанда енді пойыздардың жүру мәселесі талқыланып жатыр. «Пойыздар қай кезден бастап жүре бастайтынын нақты айту мүмкін емес. Бұл мәселе әлі талқылануда. Пойыз жүре бастаған кезде COVID-19 індетінің жоқтығын білдіретін анықтаманың талап етілетінін немесе талап етілмейтінін бас санитарлық дәрігер шешеді, – деді ҚР ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Тимур Сұлтанғазиев. Оның айтуынша, коронавирус дертіне шалдыққандар саны азайып келеді. «Карантин шараларын тоқтатудың нақты шарттары бар. Карантиннің ертерек тоқтағанын қаласақ, Денсаулық сақтау министрлігі қойған барлық талаптарды толық сақтау керек», – деп атап өтті Тимур Сұлтанғазиев.