Майдан жолы
Майдан жолы
© Сурет интернеттен алынды
228
оқылды
Әбіш Сағаділов соғыс жылдарында 24-атқыштар батальонға қарайтын 1-атқыштар ротасының командирі болды.  Әскерге 1937 жылы шақырылған аға сержант соғыстың соңғы күніне дейін отан үшін жан алысып, жан берісті. Алдына келген жаудың бәрін тізе бүктірді. Сондай шайқастың бірі – Краков қаласын басып алу. Сағаділовтің ротасына бұл тапсырманы 59-әскер жүктеген еді. Оларға Краков қаласының оң жақ бетінен шығу міндеттелді. Ал қалаға жету үшін оларға алдымен Висла өзенін кесіп өтуі керек еді. Қыс ортасы болған соң, өзеннің беті қатыңқырап қалған. Бірақ жаудың жан-жақтан оқ жаудырып, зеңбіректер лақтырып, табанды қарсылық көрсетуінен өзендегі мұздың бәрі жарылып түсті. Соған қарамастан Әбіш Сағаділовтің ротасы алдына тақтай салып отырып, Висла өзенін малтып өтті. Сөйтіп, бірден неміс траншеясының екі жолағын басып алды. Мұндай қадам – артта келе жатқан қалған батальонның өзеннен өтуін қамтамассыз етті. Олар келгенше аға сержант жаудың шабуылына бес рет найзалы ұрыспен тойтарыс береді. Ақыр соңында немістерді тым-тырақай қашыртып жібереді. Сол ұрыста бір өзі немістің  27-і сарбазын жер жастандырып, 2 танкі мен 3 автомашинаны басып алады.  Қиян-кесті заманда жүрекжұтқан батырлығы үшін Әбіш Сағаділов «Қызыл Жұлдыз» орденімен марапатталады.