Елордалық шаштараз орталығы 2 күнде 1,7 млн теңге табыс тапты
Елордалық шаштараз орталығы 2 күнде 1,7 млн теңге табыс тапты
Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті халыққа шаштараз және сұлулық салоны қызметін көрсету саласында жұмыс істейтін кәсіпкерлерге тіркелген онлайн бақылау-касса машиналарының ақпараттарына талдау жүргізді. Қызметті қалпына келтірілгеннен кейінгі тек екі күннің нәтижелері бойынша елдегі шаштараз қызметі саласындағы айналым 52,3 млн. теңгені құрап, 15 мыңнан астам чек берілді. Бір чектегі орташа табыс 3,5 мың теңгені құрады.
«2 күндегі 1,7 млн. теңге сомасындағы ең көп кірісті Нұр-Сұлтан қаласының кәсіпкері көрсетті.Екінші орында - табысы 1,4 миллион теңгені құраған Алматы қаласының кәсіпкері, ал үшінші орында - Шымкент қаласының  кәсіпкері, оның екі күндегі табысы 1,3 миллион теңгені құрады», - делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың 4 мамырынан бастап елімізде шаштараздар мен сұлулық салондарының қызметі (алдын-ала жазылу бойынша шаш қию) қайта жанданған болатын.