МСҚ: тегін рецепттер бойынша берілетін дәрілерге жасалған тапсырыстар келісілді
МСҚ: тегін рецепттер бойынша берілетін дәрілерге жасалған тапсырыстар келісілді
223
оқылды
Амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 29 тамыздағы №666 «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде, оның ішінде белгілі бір аурулары (жай-күйі) бар азаматтардың жекелеген санаттарын, амбулаториялық деңгейде тегін және (немесе) жеңілдікпен берілетін дәрілік заттардың және медициналық бұйымдардың тізбесін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады. «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалы, нормативтік-құқықтың актілерге сәйкес, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға берілген тапсырыстарды амбулаториялық деңгейде ғана келіседі. Дәлірек айтсақ, дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен тегін рецепттер бойынша амбулаториялық деңгейде қамтамасыз ету емханалар жанындағы дәріханалар арқылы  жүзеге асырылады. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар  «СК-Фармация» ЖШС бірыңғай дистрибьютормен жасалған шарт бойынша дәріханаларға түседі (Коронавирус инфекциясын емдеу кезінде қолданылатын дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға стационарлық деңгейде тікелей Бірыңғай дистрибьюторге  ӘМСҚ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының келісімінсіз тапсырыс жасалады). «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалымен «СК-Фармация» ЖШС бірыңғай дистрибьюторы порталында бірыңғай фармацевтикалық ақпараттық жүйесінде 2020 жылдың басынан медициналық ұйымдардың (медициналық ұйымдар мен «СК-Фармация» ЖШС арасында оферта шарттары жасалған) амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бойынша 7,7 млрд теңге, оның ішінде ТМККК бойынша – 7,5 млрд теңге; МӘМС бойынша – 0,2 млрд теңге сомасына берілген түпкілікті тапсырыстары келісілді. Нұр-Сұлтан қаласы бойынша пациенттер 33 медициналық ұйымның дәріханалары арқылы тегін рецепт бойынша дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз етіледі. Дәрілік қамтамасыз ету ақпарат жүйесінің деректері бойынша 3 айда (қаңтар-наурыз) 1,7 млрд теңгеге жуық сомаға 167 210 тегін рецепт берілген. Ағымдағы жылдың 30 сәуірдегі жағдайы бойынша (қаңтар айынан бастап) 2,5 млрд теңге сомасына 245 296 тегін рецепт қамтамасыз етілген» – деп хабарлайды «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының директоры  Айдар Кенжетайұлы Сейітқазинов. Бұған дейін айтылғандай, тегін рецепт бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 29 тамыздағы №666 бұйрығына сәйкес, белгілі бір аурулары бойынша пациенттердің жекелеген санаттарына жазылып беріледі. Бұйрықта 3 бөлім бар: ТМККК аясында – тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында диспансерлік есепте тұратын барлық санат бойынша 34 ауру түріне дәрілік заттар беріледі. Мысалы, қант диабеті бойынша пациенттерге қант мөлшерін түсіретін таблетка түріндегі препараттар, инсулиндер және медициналық бұйымдар-құралдар жеткізіледі; АИВ-жұқтырған пациенттер антиретровирусты терапия алады; қан айналымы жүйесі ауыратындар артериалды гипертензия, аритмия, жүректің ишемиялық аурулары т.б. бойынша дәрі-дәрмектер беріледі; сондай-ақ осы санаттағы ағзаларды және тіндерді ауыстыру оталары жасалған  науқастар иммуносупрессивті препараттармен қамтамасыз етіледі. МӘМС бойынша ересектерге – міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында ересектерге 41 ауру түрі бойынша дәрі-дәрмектер тиесілі. Жоғарыда атап өткен бұйрықтың бұл бөлімі бойынша бастапқы өкпе гипертензиясы, темір тапшылығы анемиясы, акромегалия, реактивті артрит, Паркинсон ауруы, псориаз, т.б. секілді сырқаттармен ауыратын науқастар амбулатория деңгейінде дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етіледі. МӘМС бойынша балаларға - міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында 18 жасқа дейінгі балаларға жаншау, тілме, протозойлы аурулар, гельминтоздар,  қышыма, целиакия, ерте жыныстық даму, рахит, шашыраңқы склероз (ұмытшақтық), т.б.:  сырқат түрлерінде, 65 ауру түрі бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар тиесілі. Сонымен қатар, медициналық және әлеуметтік көрсеткіштері бойынша (мысалы, бала емізетін ана немесе бала ауырса, асырап алған балалар, т.б.) бір жасқа дейінгі балаларға ана сүтін алмастыратын бейімделген өнімдер,  Буллезді эпидермолиз жағдайында медициналық бұйымдар беріледі. Пациент өзі тіркелген БМСК ұйымдарындағы (емханадағы) учаскелік дәрігер қабылдауына барса, қарап-тексергеннен кейін, ТМККК және МӘМС аясында тегін берілетін дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету туралы шешімді дәрігер қабылдайды.