Еліміздегі институционалдық реформалар мен үшінші жаңғырту процесі талқыланды
Еліміздегі институционалдық реформалар мен үшінші жаңғырту процесі талқыланды
147
оқылды
Қазақстанда бірнеше жыл бұрын институционалдық реформалар мен үшінші жаңғырту процесі іске қосылды. Алайда оны іске асыру кезінде қиындықтар пайда болды. Мемлекет басшылары мемлекеттік аппаратты осы үшін талай рет сынға алған болатын. Бұл туралы Әлемдік экономика және саясат институтының сарапшысы Сабина Садиева айтып берді. Оның айтуынша, түрлі сарапшылар тобы өз идеяларын ортаға салды. Олар реформалар неге іске аспай жатқанын, оны қайтадан қалай іске қосу керектігін талқылады.  2019 жылы Тұңғыш Президент қоры да осындай бастама көтерді. Қор Әлемдік экономика және саясат институты атынан осы тақырыпқа зерттеу жүргізуді бастады. Зерттеуге түрлі отандық кеңесшілер –Зерттеулер және консалтинг орталығы (CRC), «ТАЛАП», WhiteShield Partners, Ракурс қолданбалы зерттеулер орталығы тартылды. Алты айдың ішінде адам капиталы және еңбек нарығы, жаңа экономикалық модель және экономикалық өсімнің жаңа мүмкіндіктері, кеңістіктік даму, мемлекеттік басқару, мемлекет пен азаматтардың өзара әрекеті, макроэкономикалық ортаның бағыттары бойынша жұмыс жүргізілді. "6 мамырда барлық қызығушылық танытқан азаматтардың қатысуымен  зерттеу нәтижесі талқыланды. Барлық материалдар  https://www.kzexpertclub.fpp.kz/ сайтында жарияланған. Алдағы уақытта зерттеудің жекелеген бөлімдеріне арналған бірқатар вебинар және кездесу болады деп күтілуде", - дейді сарапшы.