42 500 теңгені екінші рет 2,1 млн қазақстандық алды
42 500 теңгені екінші рет 2,1 млн қазақстандық алды
© сурет интернеттен алынды
152
оқылды
7 мамырдағы жағдай бойынша 2,1 млн қазақстандық төтенше жағдай режимі (бұдан әрі – ТЖ) кезеңінде табысынан айырылуына байланысты мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – МӘСҚ) 42 500 теңге мөлшерінде екінші төлем алды, - деп хабарлады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі. Бұған дейін хабарлағандай, төлемді есептеу үшін алғашқы ай ретінде 16 наурыздан бастап 15 сәуір аралығы алынады. Қазіргі төтенше жағдай бойынша екінші ай 16 сәуірден 11 мамырға дейін. Жоғарыда айтылғандарға сәйкес, 16 сәуірге дейін өтініш берген азаматтар (әлеуметтік жәрдемақылар тағайындау қашан жасалғанына қарамастан) төтенше жағдай кезінде табысынан айырылуына байланысты Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төлемдер тағайындау ережесінде көрсетілген шарттарды сақтай отырып, 42 500 теңге төлемге екінші айда үміткер бола алады. Естеріңізге сала кетейік, 42 500 теңгелік төлем енгізілген сәттен бастап оны 4,5 млн адам алды.