Ерлігі ескерілмей қалған батыр
Ерлігі ескерілмей қалған батыр
© Сурет интернеттен алынды
299
оқылды
Қазақстандық Совет Одағының батырларының өшпес ерліктері Ұлы Отан соғысының шежіресіне алтын әріппен жазылды. Бұл ерліктер — Отанға шексіз беріліп, қызмет еткендіктің, коммунизм ісі үшін күрескендіктің жарқын үлгісі.   Соның арасында ешбір марапатқа ілінбеген батырларды не істейміз? Елі үшін жасаған ерлігі ескерусіз қалғандар ше? Мәселен, соның бірі – гвардия старшина Гацу Өміралиев. Гурьевтік қазақ әскерге 1941 жылы шақырылған. Сұрапыл соғыстың 1945 жылы атқыштар бөлімінің командирі ретінде Керлин қаласына шабуылында жаудың қатты  қарсылығына тап болады. Бұл қантөгісте екі жақ бір-біріне беріспейді, жеңілмейді. Сол кезде батальон командирі Гацу Өміралиев бастаған атқыштар тобын Керлин қаласының шет жағына жіберуді ұйғарды. Олар қаланың шығыс жағындағы көпірді басып алуы керек еді. 15 адамнан жасақталған топ орманның оң жағынан айналып өтті. Өзенді кесіп өтіп, жаудың жеріне кірді. Олардың аяқасты шабуылдауы – жауды састырды. Гацу Өміралиев өз тобымен сол жердегі неміс окоптарына жасырынып, жаумен 6 сағат бойы шайқасты. Ақырында Гацу Өміралиевтер көпірді басып алды. Немістерге оның жарып жіберуіне мүмкіндік бермеді. Сөйтіп, олар біздің әскер келгенше шепті сақтап тұрған екен.