8 мамырға арналған ауа райы болжамы
8 мамырға арналған ауа райы болжамы
© Сурет ғаламтордан
134
оқылды
«Қазгидромет» РМК мамандары 8 мамыр күні Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтты. Қазақстанның басым бөлігіне антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республиканың батыс, оңтүстік-батыс және оңтүстігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты кей жерлерде жаңбыр жауады. Күндіз оңтүстіктін таулы аймақтарында нөсер жауын жауады. Кей жерлерде жел күшейіп, батыста, оңтүстік-батыста және оңтүстікте – найзағай жарқылдап, дауыл соғады, бұршақ жауады. Оңтүстік-батыста түнде және таңертең кей жерлерінде тұман күтіледі. Маңғыстау облысында кей жерлерде жел 18 м/с күшейеді, найзағай, бұршақ, түнде және таңертең кей жерлерінде тұман түседі. Түркістан, күндіз Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с дейін күшейеді, найзағай ойнап, бұршақ жауады. Түркістан облысының кей жерлерінде дауыл соғады. Жамбыл, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде күн күркірейді, жел екпіні - 15-20 м/с. Ақтөбе, Қарағанды, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде жел жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Қарағанды облысында жел екпіні - 23 м/с. Алматы облысының Алакөл ауданында жел 15-20 м/с күшейеді.