COVID-19: Ұшақта ұшу кезінде жолаушыларға қойылатын талап жеңілдеді
COVID-19: Ұшақта ұшу кезінде жолаушыларға қойылатын талап жеңілдеді
Фото: Интернеттен алынды
171
оқылды
Бүгіннен бастап ұшақта жолаушыларды бір орын қалдырып отыруы тиіс деген талапты алып тастады. Жолаушылар арасында коронавирус жұқтырған бірде-бір адам анықталмаған. Қалған санитарлық талаптар сол күйі сақталады.
Көліктегі бас мемлекеттік санитар дәрігер Сәдуақас Байғабылов: «Біз екі қалаға келіп жатқан жолаушыларды күн сайын бақылап отырдық. Оның үстіне жолаушылардың өз денсаулығына үлкен жауапкершілікпен қарайтынын байқадық. Осыған көз жеткізгеннен кейін ғана ұшақтарға жолаушыларды толық отырғызуға мүмкіндік бердік. Бұл әу баста қаулы қабылдаған кезде осылай жоспарланған болатын», – деді.
4 мамырдан бастап астана мен Алматының арасында әуе қатынасы жанданған болатын. Бірақ күшейтілген санитарлық талаптар сақталу керек. Әр жолаушы ПТР тестінен өтіп, коронавирустан таза деген анықтама алуы тиіс. Бұл талаптар сол күйі сақтала береді.